Архив событий

05/10/2022

Сотпен көпбалалы отбасының тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді

05/10/2022

2007 жылы А. ата-анасымен, ағасымен және әпкесімен бірге тарихи отаны - Қазақстанға көшіп келіп,  сол жылы оның отбасы «оралман» санаты бойынша тұрғын үй алу кезегіне қойылды.

2016 жылы А.-ның отбасы Қазақстан азаматтығын алуына байланысты олардың тұрғын үй кезегі анасы К. зейнеткерлікке шыққан кезде, яғни 2012 жылғы 21 желтоқсаннан бастап «Жасы бойынша зейнеткер» санатына ауыстырылды.

Сот тұрғын үй-құрылыс кооперативінің 50 қатысушысының құқықтарын қалпына келтірді

05/10/2022

2013-2016 жылдар аралығында үлескерлер мен құрылыс салушылар арасында шарттар жасалып, соған сәйкес тұлғалар үлестік жарналарын енгізген, ал құрылыс салушылар оларға салынып жатқан үйден тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды беруге міндеттенген. Осылайша, құрылыс салушылар 498,7 млн. теңге алған. Алайда, құрылыс келісілген мерзімде аяқталмаған және нысандар уақытылы берілмеген.

2017 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен құрылыс салушылардың басшысы Л.  бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бас бостандығынан айырылған.