Архив событий

12/10/2022

Сотта балаларды тәрбиелеуге байланысты істерді қараудың проблемалық мәселелері талқыланды

12/10/2022

Бүгін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаларды тәрбиелеу істерін қарауға байланысты проблемалық мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Жұмыскердің еңбегі үшін сыйақы алу құқығы қалпына келтірілді

12/10/2022

Сарыарқа аудандық соты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жалақыны, өсімпұлды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны, моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу туралы талап бойынша азаматтық істі қарады.

Талап талапкердің еңбек шартына сәйкес күзетші болып жұмыс істеуімен уәжделген. Алайда жауапкер оған жалақы төлемеген. Осыған байланысты ол жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тоқтатты.

Бұдан басқа, жұмыс істеген кезеңде оған еңбек демалысы берілмейген және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төленбеген.

Сот ауылдық елді мекеннен үміткердің кандидатурасын тиісті деп таныды

12/10/2022

Б. 2018 жылдан бастап Атырау облысының ауылдық елді мекендерінің бірінің аудандық сәулет бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2021 жылы Б. "ауылдық елді мекеннен үміткер" санаты бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру конкурсына қатысуға құжаттар тапсырды.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамдастығы Б.-ның үміткерлердің таңдалған санатына сәйкес келмеуі себебінен оған Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартты. Б.-ның ауылдық елді мекенде соңғы 3 жыл тұруы туралы шарт құжатпен расталмаған.

Сот мүгедектің зейнетақысынан жеке табыс салығын ұстаудан босату құқығын қалпына келтірді

12/10/2022

Зейнеткер және үшінші топтағы мүгедек С. тұрғын үй сатып алуға біржолғы зейнетақы төлемін есептеу үшін шот ашу туралы банкке жүгінді.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану туралы өтінім қанағаттандырылып, 2,4 млн. теңге мөлшерінде келіп түскен ақшалай қаражат мақсаты бойынша пайдаланылды.

Сот салық төлеуден жалтару мақсатында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты

12/10/2022

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «А»-ның жауапкерлер «С»-ға және «Б»-ға қатысты жауапкерлер арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талабы келіп түсті.

Талап қоюдың негіздемесінде камералдық бақылау және шот-фактураларды зерделеу барысында салық міндеттемелерін орындаудан жалтару және мүліктік пайда алу мақсатында жасалған мәмілелер анықталғаны көрсетілген.

Сот сумен жабдықтау желілеріне өз бетінше қосылғаны үшін шығындарды төлеуге міндеттеді

12/10/2022

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «Г» жауапкер «Б»-ға қатысты шығындарды өтеу туралы талаппен жүгінді.

Сотпен бақылаушының объектіні тексеру кезінде қосымша кірістіруді тіркегені, осы туралы акті жасалғаны анықталды.

Актіден тұтынушының ғимаратында тікелей кіріс құбырында коммерциялық есепке алу құралына дейін қосымша кірістірулер бар, сәйкесінше суды тұтыну мен шығындауды бақылау мүмкін емес.