Архив событий

28/10/2022

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов пен вице-министр Әбішевке қатысты үкім шығарылды

28/10/2022

Бүгін Астана қаласы № 2 Сарыарқа аудандық соты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) Біртанов пен Әбішевке қатысты және санитариялық авиацияның әуе кемесін пайдалану эпизоды бойынша (ҚК-нің 361-бабы) Біртановқа қатысты үкім шығарды.

Сотқа дейінгі тергеумен тағылған айып:

Татуластырушы судьялар Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлеріне семинар өткізді

28/10/2022

2022 жылғы 27 қазанда Астана қаласының МАӘС татуластырушы судьялары ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері үшін семинар сабағын өткізді.  

Семинар модераторы, Астана қаласының МАӘС татуластыру судьясы Айсұлу Құранбек татуластыру институтының маңыздылығы мен даму болашағын атап өтті. 

Татуластырушы судья Бағдагүл Бияхметова «Қоғамдық-құқықтық қатынастардағы билік органдарымен даулар бойынша әкімшілік және татуластыру рәсімі» тақырыбында баяндама жасады.  

Сот жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықтың күшін жойды

28/10/2022

Жекеше сот орындаушы К. жер учаскесіне өндіру туралы қаулы шығарды.

Қаулы негізінде мүлік сауда-саттықта сатылды.

К. борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріп алу туралы сот шешімі болмағандықтан, сотқа қаулы мен электронды аукцион қорытындылары хаттамасының күшін жою туралы талаппен жүгінді.

Тараптар тұрғын үй дауы бойынша сотта татуласты

28/10/2022

Астана қаласының әкімшілік сотына азамат Ш.-дан  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды жекешелендіру құқығын тану туралы Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына қойған әкімшілік талап түсті

Астана қаласының тұрғын үй басқармасы мен Ш.-ның анасы О.-ның арасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер жалдау шарты жасалған.  О.-ға тұрғын үй комиссиясының шешімімен пәтерді жекешелендіруге рұқсат етілген, бірақ оның қайтыс болуына байланысты жекешелендіру шартына қол қойылмаған.

Жеке кәсіпкерге алкоголь өнімінің заңсыз айналымы үшін айыппұл салынды

28/10/2022

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  өзінің кәсіпкерлік қызмет объектісі - моншада сыра түріндегі алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз сақтауға және сатуға жол берген жеке кәсіпкер Ә.-ге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот жалға берілетін үй-жайда кәсіпкерлік қызмет субъектісі тиісті рұқсатсыз алкоголь өнімінің айналымына жол бергенін анықтады.