Архив событий

11/10/2022

Сот нотариустың атқарушылық жазбасының күшін жою арқылы азаматтың құқығын қалпына келтірді

11/10/2022

2021 жылдың қарашасында нотариус өтініш берушіден Астана қаласы әкімдігінің пайдасына 2,2 млн. теңге мөлшерінде соманы өндіріп алу туралы атқарушылық жазба жасады.

Бұл жазба апелляциялық алқа сотының қаулысы негізінде жасалды, оған сәйкес бірінші сатыдағы соттың шешімімен айқындалған 17,3 млн.теңге мөлшерінде өтемақының өндіріп алынған сомасы 15 млн. теңгеге дейін азайтылды.

«Нотариат туралы» ҚР Заңында атқарушылық жазба жасау үшін жоғарыда көрсетілген негіз көзделмеген, ал нотариус дау тудырған атқарушылық жазбаны заңнама талаптарын бұза отырып жасаған.

Сотпен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды

11/10/2022

Азамат  Р. және азаматша И. 2021 жылдың мамырына дейін заңды некеде болған және бірлескен некеден екі кәмелетке толмаған балалары бар. Неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайы И. кәмелетке толмаған балалармен бұрынғы күйеуіне меншік құқығымен тиесілі №1 пәтерде тұрды.

2021 жылғы қаңтарда азаматша И. сыйға тарту шартының негізінде туысы Н.-ға өзінің басқа пәтерін ресімдейді.

Сотта аумақтан тыс соттылықты қолдану мәселелері талқыланды

11/10/2022

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының соты «Тараптардың аумақтан тыс  соттылықты қолдануы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына сот төрағасының міндетін атқарушы, судьялар және заңгерлік қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел спикері - сот төрағасының міндетін атқарушы Л.К.Сүйіндікова өз сөзінде кездесудің басты мақсаты шарттық соттылық институтын дамыту және дауларды шешу кезінде тараптарды аумақтан тыс соттылықты таңдауға ынталандыру болып табылатынын атап өтті.

Жоғарғы оқу орнының түлектерін сотқа жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды

11/10/2022

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында «Білікті мамандарды даярлау, жастарды жұмыспен қамту, сот ісін жүргізу саласындағы кадрлық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.