Архив событий

18/10/2022

Судья КАЗГЮУ студенттеріне дәріс оқыды

18/10/2022

2022 жылғы 18 қазанда елордалық әкімшілік сот базасында КАЗГЮУ Университетімен ынтымақтастық аясында жоғарғы оқу орнының студенттеріне дәріс өткізілді. 

Астана қаласының МАӘС судьясы Нұрлан Әубәкіров «Әкімшілік істердің соттылығы» тақырыбында дәріс оқыды. 

Дәріскер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен сот тек жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарайтынын атап өтті.

Дәріс барысында пікірталас туындап, студенттер сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.