Архив событий

04/10/2022

Жалған шот-фактураларды әзірлеген тұлға сотталды

04/10/2022

2022 жылғы 4 қазанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша И.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі).

Сотпен анықталғаны:

И. 2020 және 2022 жылғы 1 тоқсанда контрагент – кәсіпорындар салық түрінде төлемеген 1 млрд. 217 млн. теңге сомасында мемлекетке аса ірі залал келтіре отырып, бақылаудағы 10 кәсіпорынның атынан іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар әзірлеуді ұйымдастырған.