Архив событий

26/10/2022

Сотта «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдастығының тарату комиссиясының шешімі шағымдалды

26/10/2022

А.А.Әбдірасылов «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдастығының тарату комиссиясы қабылдаған 2022 жылғы 11 тамыздағы және 7 қыркүйектегі шешімдерін жарамсыз деп тану туралы арызбен елорданың экономикалық сотына жүгінді.

Талап тарату комиссиясы тарату қызметі бөлігінде ғана шешім қабылдауға құқылы екендігіне, Директорлар кеңесінің бұрын қабылдаған шешімдерінің күшін жою, сондай-ақ өкілеттіктерін тоқтату және жаңа Директорлар кеңесін сайлау сияқты мәселелер оның құзыретіне жатпайтындығына негізделген.

Сотта анықталғаны:

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы ар-намыс пен абыройды қорғау туралы дау сотта қаралды

26/10/2022

Талапкер А. Астана қаласының Есіл аудандық сотына жауапкер Д.-ның «Instagram» парақшасына жариялағандарын шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ оның теріске шығарылғандығы туралы жазбаны жариялап, журналистке жіберуді міндеттеуді сұрап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талаппен жүгінді.

Талапта жауапкер Д. өзінің «Instagram» парақшасында бұрынғы жұбайы А.-ның жеке басын теріс жағынан сипаттайтын, сондай-ақ бұрынғы күйеуінің ұрып-соққаны туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жариялағаны көрсетілген.

Хабарлама әлеуметтік желіде қызу талқыланды.