Архив событий

17/10/2022

Сот агенттікке жылжымайтын мүлік қызметтерін өндіруден бас тартты

17/10/2022

Агенттік сотқа Р.-дан жылжымайтын мүлік қызметтерін көрсету бойынша шығыстарды өндіру туралы арызбен жүгінді.

Талаптар агенттік пен жауапкер арасында 2021 жылғы 29 қарашадан кешіктірмей 6 бөлмелі пәтер сатып алуға алдын ала шарт жасалғандығымен негізделген.

Жауапкер «Тұрғын үй кредиті» бағдарламасы бойынша қарыз беруден бас тартылғанына сілтеме жасап, сотта талапты мойындамады. Осыған байланысты мәміле жасалмаған. Сонымен қатар, жауапкер мен сатушының арасында кепілақша  жасалмаған, сатушыны ешқашан көрмеген және пәтерді қарамаған.

Сот жалпы жиналыс хаттамасын заңсыз деп таныды

17/10/2022

Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотында А., А. және А.-ның  Республикалық қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі - РҚБ ) жалпы жиналыс хаттамасын заңсыз деп тану туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Елорда соттары арасында шағын футболдан турнир өткізілді

17/10/2022

Республика күні мерекесі қарсаңында "SAIRAN Arena" спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізілді, оны Астана қаласының соты ұйымдастырды.

Спорттық іс-шараға елордалық соттар арасында 6 құрама командасы қатысты. 

Турнирдің ашылуында Астана қаласы сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша Байқоңыр ауданы бойынша соттар құрамасы матчта 2:1 есебімен үшінші орынмен қола иеленді.

Мамандандырылған соттар құрамасы матчта екінші орын алды.