Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы ар-намыс пен абыройды қорғау туралы дау сотта қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер А. Астана қаласының Есіл аудандық сотына жауапкер Д.-ның «Instagram» парақшасына жариялағандарын шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ оның теріске шығарылғандығы туралы жазбаны жариялап, журналистке жіберуді міндеттеуді сұрап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талаппен жүгінді.

Талапта жауапкер Д. өзінің «Instagram» парақшасында бұрынғы жұбайы А.-ның жеке басын теріс жағынан сипаттайтын, сондай-ақ бұрынғы күйеуінің ұрып-соққаны туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жариялағаны көрсетілген.

Хабарлама әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Сот дауды шешу үшін сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындады.

Сарапшының қорытындысына сәйкес жауапкер Д. жариялаған мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда талапкердің ар-намысы мен қадір-қаситетіне нұқсан келтіретін мәліметтерге жатуы мүмкін.

Сот сотқа ұсынылған іс материалдарын зерттей отырып, бұрынғы жұбайының талабын ішінара қанағаттандырды.

Заңнама талаптарына сәйкес жауапкер жарияланған мәліметтердің дұрыстығын растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті, ал  жауапкер тиісті дәлелдемелерді ұсынған жоқ.

Сот жауапкер Д.-ның әлеуметтік желіде жариялаған мәліметтерді ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді әрі шындыққа жанаспайды деп таныды және осы мәліметтерді жоққа шығаруды міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қаласының Есіл аудандық соты