Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» ЖШС-нің «М» ЖК-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен тараптар арасында 500 000 теңге сомасына сүт тауарын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғандығы анықталды. Алайда жеке кәсіпкер шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «А» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі