Заңсыз иемденген жер телімін мәжбүрлі түрде босату

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің «Б» ЖК-нен жер телімін мәжбүрлі түрде босату туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жер учаскесін тексеру нәтижесінде «Б» ЖК-нің ешқандай құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарынсыз мемлекеттік жер телімін заңсыз алу фактісі анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша ЖК-ға бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым берілген, алайда қазіргі уақытқа дейін жауапкер заңсыз алынған жер телімін босату бойынша міндеттемелерін орындамаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерді мемлекеттің меншігіне жататын жер телімін босатуға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі