Тарихқа шолу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 31 мамырда Астана қалалық соты қызметкерлерінің білімін жетілдіру және кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында «Тарихқа шолу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот саласының ардагері Т.Х.Махметов, судья Т.Қ.Әміренов, Астана қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің орынбасары А.М.Ибрагимов, Астана қалалық сотының бөлім басшылары, кеңсе меңгерушілері, аудандық және оларға теңестірілген соттардың мамандары қатысты.

 Семинарда Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы  М.Ә. Пазылбекова «Билер мен Жеті жарғы» тақырыбында баяндама оқып,   билердің тарихы туралы сюжет көрсетті.

Семинар барысында  сот саласының ардагері Т.Х. Махметов пен судья Т.Қ. Әміренов  Кеңес үкіметі кезіндегі соттар жайында айтып өтті.

Сонымен қатар,  31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «бір минут» үнсіздік жарияланды.

Іс-шара соңында Т.Х.Махметов өткен жылдардың тарихын тілге тиек етіп, Қазақстанның әрбір азаматы елінің тарихын ұмыт қалдырмай,  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыруын атап өтті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі