Сот ЖШС-ны лауазымды тұлғаның ұйғарымын орындауға міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ш» ЖШС-і көпқабатты тұрғын үйдің басқару органы қызметін атқарады.

2016 жылы «Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-мен «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының нормаларын сақтау бойынша "Ш" ЖШС-нің қызметін жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жоспардан тыс тексерудің нәтижесі бойынша тұрғын үй кондоминиум объектісі ретінде тіркелмеген.

Соған байланысты Тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қолдану мақсатында ұйғарым шығарылды. Алайда аталған ұйғарымды жауапкер орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ш» ЖШС-ны ұйғарымды орындауға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі