Сот уақытылы жеткізілмеген тауар үшін қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы 3 ақпанда жеткізушімен тапсырыс берушіге жалпы сомасы 11 000 000 теңгені құрайтын 700 метрлік жолдың Жоғарғы құрылысы материалдарын жеткізу бойынша міндеттеме алған.

Сот талқылауында анықталғандай, жеткізуші тауарды уақытылы және толық көлемде жеткізбеген, осылайша, материалды жеткізу бойынша шарт  міндеттерін орындамаған.

Сарыарқа аудандық сот шешімімен тапсырыс берушінің пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі