Сот ТҚК-дан моральдық зиян сомасын өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат Р. «Н» көлікжай кооперативінде орналасқан жер учаскесінің және онда салынған көлікжайдың меншік иесі болып табылады.

Алайда, талапкердің көлікжайының алдында үлкен көлемде ор қазылған, нәтижесінде үй-жайға кіру жолы жабылып калған.

Сотта анықталғандай, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды «Ж» тұрғын үй-құрылыс кооперативі жүргізген, аталған мекемеге Сәулет басқармасымен құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаттарын алғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұру жайлы нұсқама берілген.

Алайда, ТҚК мемлекеттік құрылыс инспекторының нұсқамасын орындамаған, осыған байланысты оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты ТҚК-дан 100 000 теңге көлемінде моральдық зиян сомасын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі