Сот пәтерді су алып кету себебінен келтірілген шығынды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кір жууғыш машинаның суық су кранының бұзылуынан талапкердің пәтерін су алып кеткен.

Су басу фактісі ПИК қызметкерлерінің актісімен расталады.

Талапкер Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына көршісінен су алып кету салдарынан келтірілген зиянды өндіріп алу туралы арызбен шағымданған.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына келтірілген залал үшін жарты миллионнан астам теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі