Сот кәсіби мерекелерін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күні – кәсіби меркесіне орай салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында сот төрағасы А.Жүкенов сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, лауазымдық міндеттерін үлгілі, әрі адал орындағаны үшін ерекшеленген сот мамандарын алғыс хатпен марапаттады.

А.Жүкенов өз сөзінде,  сот мамандарының ынталы еңбегі мен жұмысқа салған күш-жігерінің арқасында  азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге және сот жүйесіне деген сенімді арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі