Сот келісім-шарт бойынша қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылы тараптар арасында жер телімін сатып алу–сату шарты жасалған, оның шарттары бойынша талапкер жауапкерден құрылыс тұрғын массивін салу мақсатында 1500000 теңге сомасын құрайтын жер телімін сатып алған.

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының шешімімен жауапкердің талабы бойынша аталған келісім-шарт жарамсыз деп танылды.

Төлем фактісі бойынша шарт тараптармен дауланбаған және сот талқылауы барысында анық белгіленген, бұл сот актілерімен расталады.

Осының негізінде, талапкер жауапкерден шарт бойынша берешек сомасын өндіруді сұрайды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі