Сот кабинеті оңайлатылған іс жүргізу құралы ретінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот мамандары үшін семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі А.Донской атап өткендей,  Елбасының республика судьяларының 6 съезінде айтқан тапсырмаларының бірі – азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру және сот жүйесі қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды белсенді енгізу болып табылады.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен енгізілген «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі электронды өзара қатынас арқылы сот өндірісін оңайлатуға, сонымен бірге сот жүйесінің айқындылығына, қолжетімділігі және жеделдігіне  бағытталған. Осылайша «Сот кабинеті» барлық жаңашылдықтар мен үлгілендіруді қоса отырып, жалпы сот өндірісін оңайлату мен халықпен екіжақты қарым-қатынас жасау үшін көпфункционалды, бір терезе рөлін атқаратын болады.

Іс-шара соңында кеңсе меңгерушісі, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі өз кезегінде электронды сот өндірісі дамуының жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі