«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А.И.Аширбеков ҚазҰЗУ-нің студенттеріне «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық    құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы» тақырыбында  дәріс өткізді.

Дәріс барысында судья ақпараттық сервистің мүмкіншіліктері, сотқа аппеляциялық арыздарды беру және электронды түрде құжаттарды беру тәртібі жайында баяндап берді.

Сонымен бірге, судья мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеудің және «Электронды Үкімет» қабылдау шлюзы арқылы төлем жасаудың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Азаматтар өз бетінше қаралатын істердің процедуралық мерзімдерін бақылап, сот құжаттарын және істі тыңдау кестесін  қарай алады»,-деді А.И.Аширбеков.

Дәріс соңында судья студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі