Сарыарқа аудандық соты меншік иесінің құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2012 жылы талапкердің анасы бас ми ауруы салдарынан психо-неврологиялық диспансерде көз жұмған.

Анасы қайтыс болған сәтте талапкер бас бостандығынан айыру мекемесінде болған, сонымен қатар ол меншіктін жалғыз мұрагері болып табылады. Алайда, жазаны өтегеннен кейін талапкер анасына тиесілі барлық мүлік сатылып кеткенін білген.

Сотта анықталғандай, талапкердің анасы медициналық мекемеде жұмыс атқаратын әлеуметтік қызметкердің атына өсиетнама ресімдеп, басты сенімхат жазып берген.

2015 жылы сот басты сенімхатты жарамсыз деп таныды, себебі тиісті құжаттарды берген сәтінде талапкердің анасы созылмалы писихалық аурумен ауырып, өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты сатып-алу мәмілені жарамсыз деп танып, меншік иесінің құқығын қорғады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі