Пилоттық жоба бойынша электрондық санкциялау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Пилоттық жоба бойынша электрондық санкциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы А.С.Ақылбай, Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен мамандары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі басшысының орынбасары мен  қызметкерлері қатысты.

Бөлім меңгерушісі Н.Молдақовпен электрондық санкциялауды қолдану бойынша судьяларға ұсыныстар беріліп, барлық ескертулер түсіндірілді.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, сот төрағасы А.Ақылбай белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін қатысушыларға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі