Өтелмелi қызмет көрсету шартынан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Өтелмелi қызмет көрсету шартынан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот судьялары, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және адвокаттар қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өтелмелі қызмет көрсетудің түрлерін, атап айтар болсақ,  консенсуалды, екіжақты және өтелмелі болып табылатын мердігерлік шарттарын талқылады.

Судья М.М.Сембин аталған санаттағы даулардың көбі тараптардың шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауымен байланысты екендігін түсіндіріп өтті. Әрі қарай мердiгерлiк шартынан туындайтын дауларды қарау кезінде жиі кездесетін келіспеушіліктер, негізінен мердігер мен тапсырысшысының арасындағы жұмысты орындау мерзімі, көлемі,бағасы және сапасы  туралы сұрақтармен байланысты екендігі аталып өтті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі