Міндеттемелерді тиісінше орындамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы желтоқсан айында «Б» ЖК  және «М» ЖШС арасында мобильді және өзге аксессуарларды жеткізу бойынша шарт жасалған.

Тауар жеткізуші шарт бойынша міндеттерін тиісінше орындаған.

2016 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың қаңтар айы аралығында жеткізілген тауардың құны 6 249 700 теңгені құрайды, бұл өзара есеп айырысуды салыстыру актісімен расталады, тауар жеткізушінің тапсырыс берушіден жеткізілген тауар құнын өтеу туралы талабы сотқа дейінгі тәртіпте орындалмаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тауар жеткізушінің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі