Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай салтанатты шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін елордалық сотта Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары А.М.Ибрагимов әріптестерін құттықтай отырып, оларға дендеріне саулық, береке-байлық және кәсіби біліктіліктерін одан әрі арттыра берулерін тіледі.

Салтанатты шара барысында 2 дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төс белгісімен Ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Е.Баянова және Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева  марапатталды, сонымен бірге мамандарға алғыс хаттар тапсырылды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі