Мас жүргізуші жұмыс берушінің автокөлігін зақымдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы ер адам Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК-не жүргізуші лауазымына қабылданған. Жұмыс барысында ол материалды-жауапты тұлға болып табылған және оған автокөлік бекітілген.

Алайда жұмыскер өзінің жүргізушілік еңбек міндеттерін атқару кезінде, мас күйінде өзіне сеніп тапсырылған автокөлікке зақым келтірген.

Астан қаласы Сарыарқа аудандық соты талап қою арызын қанағаттандырып,  жұмыскерден материалдық залал сомасын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі