Қоғамдық орындарда қайыршылық жасап, халықтың мазасын алғаны үшін жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 2 мамырда азаматша Ш. «Нұр Астана» мешітінің жанында қайыршылық жасаған, ақша сұрап жүргіншілерді мазалаған.

Сотта  азаматша Ш.-мен әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бірнеше рет қайталанғаны анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Ш. ҚР ӘҚБК-нің 449 бабы 2-ші бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Әкімшілік айыппұлдың сомасы 30 пайызға қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі