Қазақстан Республикасының заңын бұзғаны үшін шетелдік ел аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы Ресей Федерациясының азаматы автокөлігін басқарып келе жатып, «Алматы-Екатеринбург» трассасында жол көлік оқиғасын жасады, оның нәтижесінде адамдар қаза тапты.

Осы жылы сот 2015 Т-ны ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, мерзімін қоныс-колонияда өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына ҚР ІІД Астана қаласы ішкі істер Департаментінен шетелдік азамат Т.-ны Қазақстан аумағынан шығару туралы арыз келіп түсті.

Ресей Федерациясының азаматы Т-ны қылмыстық жауаптылыққа тарту оны Қазақстан Республикасы шегінен тысқары шығарып жіберуге жеткілікті негіз болады, осыған байланысты ІІД-нің арызда көзделген талаптары қанағаттандырылды.

Сот шешімімен Т. Қазақстан Республикасының аумағы шегінен жеті тәулік ішінде шығарылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі