Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотының мамандары үшін «Қазақстандағы тіл саясаты» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Дәрістің модераторы  судья Ж.Б.Рамазанова өз баяндамасында, мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруді дамытуды қоғам бірлігінің және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі ретінде белгілеп бергенін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, ағылшын тілін белсенді ілгерілету және білім беру жүйесіне тілдердің үштұғырлығы қағидатын енгізу қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі