Есірткі заттарын сақтаудың салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

20 мамыр 2017 жылы «Сайран» бекетінде LEXUS маркалы автокөлігін тексеру барысында У.-дан салмағы 1,0329 г. марихуана есірткі заты табылған.

Басты сот талқылауында У. жасаған қылмыстық әрекеті бойынша кінәсін мойындап, есірткі затын заңсыз алғаны және сату мақсатынсыз сақтағаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен У. ҚР ҚК 296 бабының 2 бөлігімен қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

          

        

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі