Экономикалық соттардың судьяларының кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі Академиясында біліктілікті арттыру курсына келген мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың судьяларының кездесуі өтті.

Кездесу барысында судья А.Каримова сот ғимаратында экскурсия жүргізіп, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде сот жүйесі жеткен жетістіктерді тілге тиек етті.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар судьялар үшін ҚР Жоғарғы Сотының құқық және тарих мұражайында танымдық экскурсия жасады.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі