Экономикалық сот компанияны банкрот деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «С» ЖШС-нің банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

ЖШС-нің негізгі қызметі автокөлік құралдары мен қосалқы бөлшектер саудасы болып табылады.

Сотта борышкердің 80 миллион теңге көлемінде салық берешегі бар екендігі анықталды.

Салық заңнамасына сәйкес салық қарызын өндіру мақсатында «Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ ЖШС-ға қатысты салық заңнамасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіру бойынша барлық шараларды қолданған, алайда ол нәтиже бермеді.

Кәсіпорын 2016 жылдың шілде айынан бастап ешқандай қызмет атқармаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен компания банкрот деп танылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі