Б.Майлыбаев пен Н.Галихинге қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы 13 маусымда Астана  қаласы №2 Есіл аудандық соты ҚР ҚК-нің 361 бабының 4 бөлігі, 185 бабының 3 бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасауда  кінәсін мойындау туралы келісіммен сотқа келіп түскен, Майлыбаев Бағлан Асаубайұлына және Галихин Николай Николаевичке қатысты қылмысты істі қарады. 

Сот үкімімен Б.Майлыбаев жоғарыда көрсетілген баптар бойынша кінәлі деп танылды және оған мүлкі тәркілене отырып,  мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Н.Галихин ҚР ҚК-нің 185 бабының 3 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан 3 жылға айырып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.    

Сондай-ақ сот үкімімен Қазақстан Республикасы Президентіне  сотталғандарды  барлық мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс берілді.

Үкім заңды күшіне енді. Құпиялылықпен байланысты қылмыстық іс жабық сот  отырысында өтті. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі