Бала құқықтарын қадағалау мониторингі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ж.К.Алпысбаева, аты және тіркеу үшін балалардың құқықтарын қадағалау мониторингі нәтижесі бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

Аталмыш кездесудің негізгі мақсаты - мигрант балалардың құқықтарын қадағалау бойынша жағдайды жақсарту болып табылады.

Дөңгелек үстел қатысушылары соңғы 5 жыл ішінде азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетел азаматтарының балаларын туу бойынша тіркеу мен білім беру мәселелерін және статистикалық мәліметтерді талқылады.

Шара соңында қатысушылар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттің 24 бабының 2 бөлігіне сәйкес, әрбір балаға туылғаннан ат қойып, дереу тіркелуі керек деген ортақ шешімге келді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі