Азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін реттеу саласын кеңейту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін реттеу саласын және оларды шешудің балама тәсілдерін кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге сот судьялары мен «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің кәсіби медиаторлары қатысты.
Судья Г.М.Башенова өз сөзінде баламалы тәсілдер тараптардың татуласуына, олардың арасындағы шиеленіс деңгейін төмендетуге, осылайша қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын күшейтуге, қоғамның сот пен заңға деген құрметін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Кәсіби медиаторлар медиация қызметімен таныстырып, аталған институт этносаралық қатынастар проблемаларын, білім, еңбек және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қатынастардағы дауларды шешу бойынша жақсы құрал екендігін айта кетті.
Іс-шара соңында, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі