Астанада ер адам сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында елорда тұрғынына қатысты көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы сот отырысына масаң күйде 30 минут кешігіп келген.

Осы аталған факт бойынша құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін 45 380 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі