Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Семинарға Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары, қалалық соттың бөлім басшылары, кеңсе меңгерушілері мен қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың мамандары қатысты.

Іс-шарада сөз алған Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Айбол Ибрагимов  еліміздің ерлігі мен тәуелсіздігін паш ететін мерекенің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге, іс-шара барысында қайта тағайындалған елордалық аудандық соттардың мамандары салтанатты түрде ант қабылдады.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі