5 млн. қарыз бойынша дау медиация жолымен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «В» ЖШС-нің «G» ЖШС-нан 5 млн. теңге қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді, оған сәйкес жауапкер 2017 жылдың 7 маусымына дейін қарызды төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп,азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі