Сот мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «Ж» ЖШС-ға, «В» ЖШС-ға қатысты мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот 2013 жылы «Ж» ЖШС және «В» ЖШС-ның арасында қызмет көрсету бойынша өзара есептесу жүргізілгенін, 300.00 формалы декларацияға шот-фактура бойынша «В» ЖШС өнім берушінің қосымша құн салығының сомасы есептелгенін анықтады.

Шартқа директор С. қол қойған, алайда «В» ЖШС-мен оның ешқандай өзара қарым-қатынасы жоқ, кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған, «В» ЖШС-ның атынан қаржы-шаруашылық қызметке келісім жасамаған және қол қоймаған, қызметтер көрсетпеген, тауарлар жеткізбеген, «Ж» ЖШС-мен жасалған шарттарда, шот-фактураларда қойылған қол оған тиесілі емес.

Іс материалдарын зерттей отырып, «Ж» ЖШС және «В» ЖШС арасындағы мәмілені жарамсыз деп танып, сот талап арызды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі