Ақшалай қаражатты жымқырғаны үшін жаттықтырушы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша (ҚК 16.07.1997 жылғы редакцияда) кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісіммен келісу іс жүргізуінде Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында сотталушы Р. бас жаттықтырушы бола отырып, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, спортшылар дирекциясының бухгалтериясына жалған аванстық есептер ұсынған, ол халықаралық жарыстарға қатыспаған. Жаттықтырушы спортшылардың халықаралық жарыстарға шығуы туралы дұрыс емес бухгалтерлік шығын құжаттарын ұсынған.

Сот үкімімен сотталушы Р. кінәлі деп танылды және оған 3 жыл сынақ мерзімімен 5 жыл шартты мерзімге қаржы-шаруашылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі