Архив событий

06/04/2016

Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл

06/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта кәмелетке толмаған баланың анасы ұлының тәрбиесі және оқуы бойынша өз міндеттерін орындамағаны, осының салдарынан кәмелетке толмаған бала 2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы наурызға дейін себепсіз сабақтан қалғаны анықталды.

Судья ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты

06/04/2016

Бүгін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.К.Алпысбаева сот  бейнефонографиялық сараптамасы бойынша ғылыми-техникалық семинарға қатысты.   

Іс-шараға Сот сараптамасы орталығының директоры, Астана қаласының Сот сараптамасы институты орталығының директоры, облыстық ССО-ның сарапшылары және Астана қаласы аудандық соттарының судьялары қатысты. 

Судья дөңгелек үстелге қатысты

06/04/2016

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Р.Мәжитов Сот сараптамасының орталық институтында «Сот-сараптамалық бейнефонографиялық  зерттеу» атты тақырыптағы дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек столдың қатысушылары азаматтық іс бойынша сараптау тағайындаудың тәртібін және негізін талқылады, сондай-ақ сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеуді тағайындаудың мәселелері  бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы қажетті мәліметтер айтылды.

Сот жарнама туралы заңнаманың бұзушылықтарын жоюды міндеттеді

06/04/2016

Астана қаласының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің «А»ЖШС-ға қатысты заңсыз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын бөлшектеуді міндеттеу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында Астана қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы қаулысымен «А» ЖШС-ға  бір жыл мерзімге жарнама  құрылғысын орналастыру үшін жер телімін жалға алу құқығы берілгені анықталды.

Сот шарт міндеттерін орындауға мәжбүрлеу туралы талап арызды қанағаттандырды

06/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның «А» ӨК-ға қатысты шарт міндеттерін орындауға мәжбүрлеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар арасында  жылуды есепке алу жүйесін сенімгерлік басқаруға шарт жасалғаны, оған сәйкес жауапкер сенімгерлік басқаруға берілген жылуды есепке алу жүйесін барлық пайдаланым кезінде сақталуын қамтамасыз етуге міндеттелгені анықталды.

Сот тұтынылған электр және жылу қуаты үшін берешекті өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

06/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның «Т» ЖШС-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Т» ЖШС арасында электр жабдықтау шарты жасалғаны, алайда жауапкер электржабдықтау жария шартының талаптары бойынша өзіне алған міндеттемелерді тиісінше орындамағаны, атап айтқанда нақты тұтынылған қуат үшін төлем жасамағаны анықталды.

Экономикалық сот мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырды

06/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «N» ЖШС және «А» ЖШС-ға қатысты мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар арасында жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындауға өтемді шарт жасалғаны анықталды. 

Сот салық органының хабарламасын жарамсыз деп тану туралы талап арыздан бас тартты

06/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Н» ЖШС-ның «Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не қатысты мемлекеттік кірістер органының камералдық бақылау қорытындысы бойынша байқалған бұзушылықтарды жою туралы хабарландыруды жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Экономикалық сот материалдық залалды өндіріп алу туралы талап арыздан бас тартты

06/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «У» ЖШС-нің аз.М-ге қатысты материалдық залалды және мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы талап арыз бойынша  азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар арасында еңбек шарты жасалғаны, оған сәйкес жұмыскер жұмысты «У» ЖШС-нің Бас директоры ретінде атқаруға міндеттенгені анықталды.