Архив событий

27/04/2016

Еcіл аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

27/04/2016

2016 жылғы 27 сәуірде Астана қаласының Еcіл аудандық сотында сот төрағасы Д.Әбдіғалиевтің, соттар судьяларының, сондай-ақ «Есіл» ауданы прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен «Әдеп кодексін іске асыру» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.

Сот қайта тіркеу бойынша міндеттемені орындауды мәжбүрлеу туралы талап арызды қанағаттандырды

27/04/2016

Астана қаласының Сарырақа аудандық соты аз.Т-ның аз.К-ға қатысты қатысушылардың құрамын өзгертуге байланысты Астана қаласының Әділет департаментінде «S» ЖШС-сін қайта тіркеу бойынша міндеттемені  орындауды мәжбүрлеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот, тараптар арасында «S» ЖШС-сінің жарғылық капиталы үлесін сату-сатып алу шарты бекітілгені, оған сәйкес жауапкер ЖШС-нің 100% үлесін сатып алғаны анықталды.

Ұрлық жасау бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

27/04/2016

Астана қаласының Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша С-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2015 жылғы 20 қарашада сотталушы С. Астана қаласының «Технодом» дүкенінде «Panasonic HC-VX870EE-K» маркалы бейнекамераны ұрлағанын анықтады.

Сот отырысы барысында тараптардан медиативтік келісім келіп түсті.

Сот қаулысымен С-қа қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына және келтірілген залалдың толық орны толтырылуына байланысты тоқтатылды.

Сарыарқа аудандық соты жүйелік қызмет көрсету шартын бұзу туралы талап арызды қанағаттандырылды

27/04/2016

Астана қаласының Сарырқа аудандық соты аз.В-ның «Ф» ЖК-не қатысты қызмет көрсету шартын бұзу және кіреберістегі кіріс есігінің кілтін блоктан шығару туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талдауы барысында, 2010 жылы ЖК және аз.В-ға арасында домофон жүйесінің қызмет көрсету шарты бекітілгені анықталды.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл

27/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚтК-нің 669-бабы бойынша аз.А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. (Сот  үкімін, сот шешімін немесе сот актісін және атқару құжаттарын орындамау).

Сот, шартты-мезгілінен бұрын бас бостандығын айыру жерінен босатылған аз.А-ның тұрғылықты жерінде болмағаны, осылайша сот актісін орындауды бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен А. әкімшілік жауаптылыққа және 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сот заңсыз иеленген жер телімін босату туралы талап арыздан бас тартты

27/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының Жер қатынастары және жерді пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасы» ММ-нің атынан Астана қаласы әкімдігінің «А» ЖШС-не қатысты заңсыз иеленген жер телімінен мәжбүрлеп босату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот, Астана қаласының жерді пайдалану және қорғауды бақылау бойынша мемлекеттік инспекторлары жер заңнамасының талаптарын сақтау белгісіне «А» ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізген.

Көші-қон заңнамасы саласындағы өзекті мәселелер

27/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері және көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелерін құқықтық реттеу бойынша ұсыныс» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы және судьялар, кеңсе меңгерушісі, Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, ҚР ҰҚК шекера қызметі 2014 әскери қызметінің майоры қатысты.