Архив событий

05/04/2016

Сот ұжымы судьяны туған күнімен құттықтады

05/04/2016

Бүгін Астана қаласы қылмыстық іс жүргізу жөніндегі сотының ұжымы  салтанатты түрде судья Кисикова Дания Ғаниқызын туған күнімен құттықтады.

Сот төрағасы Шайхисламов А.Ш. барлық ұжымның атынан оның сот жүйесіне қосқан үлесін атап, барлық ұжымның атынан судьяға ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс   және жетістік тіледі. 

Есіл ауданының № 2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

05/04/2016

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында сот судьяларының, Прокуратураның және Астана қаласының Есіл аудандық ІІБ өкілдерінің қатысуымен «Жеке тінту, қарау, тінту, алып қоюды санкциялау мәселелерін қарау бойынша тергеу судьясының өкілеттігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің барысында тергеу судьясы К.Дүйсенбиев қылмыстық процестік заңнамасын іске асыру, сотқа дейінгі тергеу, прокуратура және сотқа дейінгі жетекші органдарының бірлескен жұмысына қатысты екенін айтып өтті.

Сот дауды медиация тәртібінде реттеді

05/04/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында аз.С-ның аз. Ш-ға қатысты жол-көлік оқиғасында келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім түсті, оның талаптары бойынша жауапкер Ш. материалдық шығын сомасын төлеуге міндеттенеді.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу сот  дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітуіне байланысты тоқтатылды.

Жалға алушы пәтерді алаяқтық мақсатқа пайдаланған

05/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Щ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, Щ. интернет арқылы «OLX» сайтының «Жылжымайтын мүлікті жалға беру» айдарына ұзақ мерзімгі негізде пәтерді жалға беру қажеттігі туралы хабарландыру бергенін анықтады.

Алматы ауданының № 2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

05/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында сот судьяларының, прокуратура және Астана қаласы Алматы ауданының ІІБ өкілдерінің қатысуымен «Жеке тінтуді, оқиға орнын қарауды санкциялау. Тәжірибелік қолдану мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары сот санкциясын талап ететін жеке тінтудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ оқиға орнында тінтуді өткізу және ресімдеу тәртібін талқылады.

Сот ақшалай қаражатты жасырын жымқырғаны үшін жүргізілген қылмыстық істі тоқтатты

05/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 17 ақпанда М. «Эталон» Сауда үйінің бутиктерінің бірінде бола отырып, серігі П-ның жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің жеке сөмкесінен 80 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты жасырын жымқырғаны анықталды.

Сот отырысы барысында залалды толық өтеуіне байланысты, қылмыстық істі тоқтату туралы жәбірленушіден арыз келіп түсті.

Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жазалау

05/04/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  соты кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдары бойынша, кәмелетке толмағанның анасы ұлының тәрбиесі мен оны оқыту бойынша өз міндеттерін орындамайтыны, оның салдарынан баласы сабақтың 250 сағатын босатқаны, екінші тоқсанда оқуға бармағаны анықталды.

Сот жер телімін сатып алу-сату және сыйға тарту мәмілесін тану туралы талап арызды қарады

05/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты аз.С-ның аз.А-ға, аз.М-ға, аз.Н-ға, аз.С-ға қатысты сыйға тарту және сатып алу-сату шартының  1\2 бөлігіндегі жер телімін жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкердің жауапкер А-мен некеде болған кезінде бірлесіп жинаған ақшалай қаражатқа автомобиль және саябақ жер телімін алғаны анықталды, олар неке бұзылғаннан кейін жауапкерде қалған.

«Астана» орталық саябағында жасалған қарақшылық шабуыл

05/04/2016

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігінің                                1), 4) тармақшалары бойынша (Қарақшылық) Қырғызстан Республикасының азаматтары У және А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы барысында 2015 жылғы 12 қазанда  «Астана» орталық саябағында сотталушылар алдын ала сөз байласу бойынша, пышақ қолдану арқылы жәбірленуші С-ға қарақшылық шабуыл жасағаны, олардың соңғыға тиесілі ақшалай қаражатты жымқырғаны анықталды.

Сот жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

05/04/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  «Астана – Региональная Электросетевая Компания» АҚ-ның «С» ЖК-не мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатыушысы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот пәтерден шығару туралы талап арызды талаптарын қанағаттандырды

05/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз. К-ның аз. К және аз. Н-ға қатысты пәтерден шығару туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер пәтердің иесі болып табылатыны, оның жауапкерлермен жалға алу шартын жасағаны анықталды.

Жалға беру шартының мерзімі біткен, тараптар арасында сату-сатып алу шарты жасалмаған, алайда жауапкерлер және олардың отбасы мүшелері талапкердің пәтерінде заңсыз тұруды жалғастырған.

Кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерлерін анықтау туралы дау медиация арқылы реттелді

05/04/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық соты кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерлерін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. 

Талапкер сотқа балалардың тұрғылықты жерлерін анықтау туралы талап арызбен жүгінді, ол жауапкермен ерікті түрде келісімге келмегенін уәждеді.

Алайда, алдын ала өткізілген сот отырысының барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхатты ұсынған және соттан медиативтік келісімді бекітуді сұраған.