Экономикалық сот мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «N» ЖШС және «А» ЖШС-ға қатысты мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар арасында жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындауға өтемді шарт жасалғаны анықталды. 

Жауапкерлер мәміленің заңнама талаптарына сәйкес жасалғаны туралы дәлелдерді ұсынбады.

Жауапкер ҚҚС бойынша есептен алынды, «А» ЖШС-ның  директоры кәсіпорын атынан ешқандай шарттар жасамаған және оларға қол қоймаған, қызметтер көрсетпеген, тауарлар қоймаған, кәсіпкерлік қызметпен ешқашан айналыспаған, кәсіпорын 2013 жылдан бері әрекетсіз.

Сот шешімімен талап арыз талаптары қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі