Сот салық органының хабарламасын жарамсыз деп тану туралы талап арыздан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Н» ЖШС-ның «Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не қатысты мемлекеттік кірістер органының камералдық бақылау қорытындысы бойынша байқалған бұзушылықтарды жою туралы хабарландыруды жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында «Н» ЖШС және «К» ЖШС арасында жеткізу шарты жасалғаны, оған сәйкес мердігер сатып алушыға өнеркәсіптік желдеткіш құрылғысы жинағын қоюға міндеттенгені анықталды. 2014 жылғы Астана қаласының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының шешімімен «К» ЖШС-нің мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған.

Осыған байланысты, мемлекеттік орган тіркелуі сот шешімімен жарамсыз деп танылған салық төлеуші бойынша шығысты шегеруге заңсыз қатыстылығын жою туралы хабарландыру жіберген.

Іс материалдарын зерттей отырып, сот талап арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі