Архив событий

22/04/2016

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдана отырып, азаматтық істерді қарау тәжірибесі

22/04/2016

2016 жылғы 22 сәуірде Астана қаласы сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдана отырып, азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Астана қаласы азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьялары Жақыпова А.С., Таткеева К.К., Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Сот балалар үйінің тәрбиеленушісінің құқығын қорғады

22/04/2016

2013 жылғы тамызда «Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» ММ, Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істейтін азаматша М-ға Уәлиханов көшесіндегі № 19 үйдің пәтерлерінің бірінде жалғызбасты егде әйел адам Ш-ның тұрып жатқаны белгілі болған, ол әлеуметтік көмекке мұқтаж болған.

Ш-ның қайтыс болғанын білген сотталушы М. өзінің қызмет бабын пайдаланып, жақын таныс құрбысы Ж-мен алдын ала сөз байласып, кейін үшінші тұлғаға сату үшін, оған Ш-ның пәтерінің құжаттарын берген.