Архив событий

08/04/2016

Жаяу жүргіншіні қағып кеткеі үшін қылмыстық жауаптылық

08/04/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 345-бабының 3-бөлігі бойынша И-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, 2015 жылғы 9 қазанда сотталушы И. «Лада Приора» маркалы автокөлік құралын жүргізгені және Қорғалжын тас жолында келе жатып, жаяу жүргінші А-ны қағып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болған.

Есіл аудандық соты төрағасының сұхбаты

08/04/2016

Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Д.Әбдіғалиев «Kazakh tv» телеарнасында «Ұлт Жоспарын іске асыру - Қазақстанның жарқын болашағы» атты тақырыпта сұхбат берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, төраға 100 нақты қадам - бұл қазіргі заманның жаһандық сын-қатеріне жауап, оны іске асыру тұтас алғанда Қазақстанның дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.  

Есіл аудандық сотында брифинг өткізілді

08/04/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық құқықтағы шарттық міндеттемелер» атты тақырыпта брифинг өткізілді.

Кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еруінсіз түнгі уақытта ұсталғаны үшін ескерту

08/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты бала тәрбиесі бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін  әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 19 ақпанда 23.11. сағат шамасында кәмелетке толмаған бала «КазГЗУ» колледжінің маңында заңды өкілінің еруінсіз  ұсталғаны анықталды.

Іс материалдарын зерттей отырып, сот кәмелетке толмаған баланың анасын әкімшілік жауаптылыққа және оны ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

Сот жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арыздан бас тартты

08/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз.Я-ның Астана қаласының Әкімдігіне қатысты мерзімнің ескіруіне байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта 1993 жылы талапкер және оның жұбайы Астана қаласында орналасқан ортақ пәтер меншігіне ие болғаны анықталды. Неке қатынасын ерлі-зайыптылар белгіленген заңды тәртіпте тіркемеген.

Экономикалық сот медиативтік келісімді бекітті

08/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ж» ЖШС-нің «К» ЖШС-не қатысты берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптардан медиативтік келісім ұсынылды, оның талаптары бойынша жауапкер талапкерге қарыз сомасын біржолғы төлеммен төлеуге міндеттенеді.

 «Медиация туралы» Заңының 27-бабының 5-тармағы бойыша төленген мемлекеттік баж  төлеушіге қайтаруға жатады.

Сот банктік қарыз шартын жарамсыз деп тапты

08/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз К-нің «Казкоммерцбанк»АҚ-на қатысты банктік қарыз шартын ішінара жарамсыз деп тану және соманы өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар банктік қарыз шарттарын жасасқаны, оған сәйкес банк және қарыз алушы арасында келісім жасалғаны, онда банк қарыз алушыға несие ұсынғаны анықталды.

Сот мемлекеттік қайта тіркелуді жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырды

08/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының «К» ЖШС-не, үшінші тұлға «Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-не, «Астана қаласының Әділет департаменті» РММ-не қатысты мемлекеттік қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот шартты орындаудан біржақты бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырмады

08/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «В» ЖК-дің «С» Күзет агенттігі» ЖШС-не қатысты шартты орындаудан бір жақты бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар арасында күзет  қызметін көрсетуге шарт жасалғаны, оған сәйкес талапкер тапсырыс беруші ретінде, ал жауапкер орындаушы ретінде автобөлшектер қоймасының аумағын күзетке алу ретінде қабылдайтыны анықталды.

Азаматтық дау медиация тәртібінде шешілді

08/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз Е-нің «И» ЖШС-не қатысты соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот медиативтік келісімді бекітті, оның талаптары бойынша жауапкер талапкерге қарыз ақша сомасын төлеуге міндеттенеді, берешек төлемі Астана қаласындағы екі бөлмені иелену туралы тараптар арасында жасалған сатып алу-сату алдын ала шарты негізінде жасалған.

Сот ұйғарымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.