Архив событий

28/04/2016

Астаналық сотта «Ақылды қала» бағдарламасының түсірілімі өтті

28/04/2016

Бүгін Астана қаласының сотында «Ақылды қала» телебағдарламасы сериясының түсірілімі болып өтті. Түсіру тобының жұмысы «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар» бағдарламасын құруға бағытталған.

Түсіру тобы соттың,  «Сот кабинеті» сервисінің жұмысымен танысты, ол пайдаланушыларға үйден, кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, арыз, шағым, өтініш, қарама-қарсы арызын немесе өтініш беруге мүмкіндік береді.

 «24 КZ» ақпарттық телеарнасының шығармашылық тобымен кездесу  керемет әсер қалдырды.

Сот мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арызды қанағаттандырды

28/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ-нің «З» ЖШС-ға, «К» АҚ-ға, «А» ЖШС-ға, дау белгісіне өз еркімен еркімен талап білдірмейтін үшінші тұлғаны тартумен «Астана қаласы Әділет департаменті» ММ-ге, «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ-ге, «Қалалық жылжымайтын мүлік» МҚК-ге қатысты мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сомманы өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

28/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз. Г-ның аз. К-ға автокөлік құралын сатып алу-сату шарты бойынша сомманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхаттарын жариялады.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, оның талаптары бойынша жауапкер берешекті келісімде көзделген мерзімде қайтаруға міндеттенеді.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сарыарқа аудандық сотында «Сот отырысының үздік хатшысы» атты сайыс бастау алды

28/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында сот төрағасының өкімімен «Сот отырысының үздік хатшысы» конкурсын өткізудің ережесі бекітілді.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты сот отырысы хатшыларының  кәсібилік, бастамашылдық деңгейін көтеру, сот билігі абыройын нығайту, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін үздіксіз жетілдіруге ынталандыру болып табылады.

Экономикалық сот медиативтік келісімді бекітті

28/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «С» ЖШС-нің «М» ЖШС-ге қатысты берешекті және тұрақсыздықты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері медиативтік келісім талаптарын бекіту туралы арызымен өтінді, оған сәйкес «М» ЖШС құрылғыны қайтаруға, ал «С» ЖШС құрылғыны қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін 7 күн ішінде «М» ЖШС-не ақшалай қаражатты қайтаруға және талап арыздан бас тартуға міндеттенеді.