Архив событий

25/04/2016

Сот «Триумф» интернет клубының әкімгерін жазаға тартты

25/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚтК-нің 132-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы интернет клубтың әкімгері А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, 26.02.2016 ж. шамамен 23.53 сағатта заңды өкілдерінің ертіп алып жүруінсіз кәмелетке толмаған К. және С-ң ойын-сауық мекемесі «Триумф» интернет-клубында жүргені анықталды.

Интернет клубтың әкімгері ойын-сауық мекемесіне кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерісіз келуіне рұқсат берген.

Кәмелетке толмағанның жасаған бұзақылығы үшін ата-анасына айыппұл салу

25/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘКтК-нің 435-бабы бойынша Х-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта кәмелетке толмағанның анасы ұлын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтыны анықталды. 2016 жылғы 26 наурызда кәмелетке толмаған К. темекі шеккен және полиция қызметкерлерінің көзінше қалдығын жерге тастап, қоғам пайдаланатын орынды ластаған.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

25/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру).

Сотта 2015 жылғы 18 қарашада У-дың «Омега» компьютер клубында жәбірленушінің күртесінің қалтасынан «Самсунг галакси С5» ұялы телефонын жымқырғаны анықталды.

Сотта сотталушы мен жәбірленушінің арасында жасалған медиативтік келісім ұсынылды.  

Ұрлық үшін қылмыстық жауаптылық

25/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру).

Сот отырысы барысында Т-ның «Иббис» қонақ үйінде Б-ға тиесілі жеке мүлкін жымқырғаны анықталды.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінен жәбірленушіге жалпы сомасы 192 000 теңге материалдық залал келген.

Экономикалық соттың төрағасы азаматтардың өтініштеріне жауап берді

25/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.М.Жұмағұлов «Инфо-Цес» газетінің тікелей желісіне қатысты.

Тікелей желі барысында сот төрағасы А.М.Жұмағұлов газет сайтына келіп түскен азаматтардың сұрақтарына, сондай-ақ телефон қоңырауларына жауап берді.    

Экономикалық сот прокурордың талап арызын қанағаттандырды

25/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласының Есіл ауданы прокурорының мемлекет мүддесі үшін «Астана қаласының Әділет департаменті» РММ, «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ, Р-ның дау белгісіне дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғаны тартумен бірге «К» ЖШС-не қатысты заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелуін заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Сот жер телімінен мәжбүрлеп айыру туралы талап арызды қанағаттандырды

25/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» ММ тұлғасындағы «Ш» ЖШС-не қатысты өтемақы төлей отырып мемлекет мұқтажы үшін жер телімінен мәжбүрлеп айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Сотта жер телімін айыру мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінде коммерциялық нысандардың құрылысын жүргізу көзделмеген.

Кәмелетке толмағанның жасаған бұзақылығы үшін әкімшілік жауаптылық

25/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚтК-нің 435-бабы бойынша У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 26 наурызда кәмелетке толмағанның сағызды қоғамдық орынға тастағаны, яғни қоғамдық пайдалану орнын ластап ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Құқық бұзушы сот отырысы барысында кәмелетке толмаған ұлының ұсақ бұзақылық жасаған фактісін растады.

Экономикалық сот бұйрықтың және ұсынымның күшін жою туралы талап арыздан бас тартты

25/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» ЖШС-нің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-ге қатысты іс-қимылды заңсыз деп тану, жіберілген бұзушылықтарды жоюды міндеттеу, бұйрықтың және ұсынымның күшін жою туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында Бас көлік прокуратурасының ұсынуы негізінде жауапкер жоспардан тыс «А» ЖШС-нің қызметіне тексеру жүргізгені анықталды.

Сот соманы өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

25/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің «А» ЖШС-не қатысты соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар арасында электрмен жабдықтау шарты жасалғаны, оған сәйкес талапкер тұтынушыға электр және жылу қуатын жіберетіні, ал тұтынушы өзіне жіберілген электр және жылу қуатын пайдаланатыны және төлейтіні анықталды, оны пайдалану тәртібі, көлемі және жағдайлары шартта көрсетілген.