Архив событий

21/04/2016

Сот мүлікті ауыртпалықтан босату туралы талап арызды қанағаттандырды

21/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «М» ЖК-нің «Ф» ЖШС-не, «Б» АҚ-ға қатысты мүлікті ауыртпалықтан босату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта, тұрғын үй құрылысына,  жер телімі бар тұрғын жайлық емес үй-жайды тапсыруға үлестік қатысу шарты, Астана қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде талапкердің жер телімін уақытша өтемелі жалпы үлестік жер пайдалану құқығына ие екені анықталды.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру

21/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру).

Сот отырысы барысында 2016 жылғы 1 қаңтарда алкогольдік масаң  күйінде болған Б. шағын отбасылы үйдің дәлізінде бола отырып, көршісі Ш-мен сөз тартысып қалғаны, осының нәтижесінде соңғыға пышақ жарақатын салғаны анықталды.

Жәбірленушімен татуласу орын алып, соңғы соттан сотталушыны бостандығынан айырмауды сұрады.

Діни әдебиеттерді сақтағаны үшін әкімшілік жауаптылық

21/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚК ӘҚтК-нің 453-бабының 4-бөлігі бойынша К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2015 жылғы 19 тамызда Астана қаласы әуежайының халықаралық ұшу аймағында ұшу алдындағы қараудан өту кезінде «Астана-Абу-Даби» бағытына ұшушы аз. К-дан діни алауыздықты қоздыруға бағытталған әдебиеттер табылғаны анықталды.

Тауар таңбалары туралы заңнаманы талқылау жөніндегі семинар

21/04/2016

Астана қаласының әділет департаменті «Болотов и Партнеры» ЖШС-мен бірлесе отырып, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңын талқылау бойынша семинар өткізді.

Іс-шараға Астана қаласы әділет депараментінің қызметкерлері, Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, «Болотов и Партнеры» ЖШС-ның өкілдері және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Б.Нұржан қатысты.

Қарыз сомасын өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде реттелді

21/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының сотында аз. Ж-ның аз. А-ға қатысты қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды реттеу туралы медиативтік келісім жасады, оған сәйкес жауапкер А. қарызды келісімде көзделген мерзімде қайтаруға міндеттенеді.

Сот іс материалдарын зерттей отырып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Тапаншаны заңсыз сақтау және алып жүру

21/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталушы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).

Сот отырысы барысында К-ның 2014 жылғы күзде «Форманта-5,7» маркалы тапаншасын 6 дана оғымен тауып алғаны, оны заңсыз сақтағаны және өзімен алып жүргені анықталды.

Тараптардың татуласуымен қылмыстық іс қысқартылды

21/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Ұрлық).

Сотта 2016 жылғы 28 ақпанда Ж. Астана қаласы пәтерлерінің бірінде бола отырып, еркін қол жеткізу жолымен, жәбірленуші Б-ға тиесілі «Elenberg» маркалы теледидарын ұрлағаны анықталды.

Сот отырысы барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде тоқтату туралы арыз түсті.

Есірткі затын сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыру

21/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталушы О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 16 наурызда «Астана-Көкшетау» автожолында орналасқан «Бектау» бекетінде полиция қызметкерлері куәгерлердің қатысуымен О-ның жол сөмкесінен жалпы салмағы 4 015,6955 гр болатын аса ірі мөлшердегі есірткі заты марихуана алынғаны, оны соңғының өткізу мақсатынсыз өзі пайдалану үшін заңсыз тасымалдағаны және өзінде сақтағаны анықталды.

Ұялы телефонды тонау

21/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-бөлігі бойынша айыпталушы Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Тонау).

Сотта 2015 жылғы 7 қазанда Д. Астана қаласында бола отырып, алдында келе жатқан кәмелетке толмаған Т-ны көріп, оны уақыт сұрағысы келген сылтаумен тоқтатқаны және «Самсунг Дуос» маркалы ұялы телефонын тартып алғаны анықталды. Осыдан кейін ұрлаған затты өз қалауынша жұмсап, белгісіз бағытта бой тасалаған.